» » СОТТА ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СОТТА ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары арасында биыл жарияланған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы талқыланды.
    Сот төрағасы М.Ш.Ибрашев жыл сайынғы Елбасының Халыққа жолдауы елдің дамуында маңызды рөл атқаратынын айтты. Аталмыш жолдауда дағдарыстан өту, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі  жөніндегі бағыттағы мәселелер турасында түсініктер беріп, әлем терең және қарқынды технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы өзгерістер кезеңіне қадам басқанын, осы жаһандық өзгерістерге дайын болу қажеттілігі туралы айтылғанын жеткізді.
    Судьялар талқылау барысында заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілгенін, адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейгенін, құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалғанын, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастырудың маңызы мен  қажеттілігі туралы пікірлерін жеткізді.
    Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес, мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландырудың маңыздылығы, сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылып жатқандығы айтылды.
    Кызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз кызметі
19 қаңтар 2018 ж. 882 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031