СЕНІМ ЖОЛЫНДА
Сондай-ақ, «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз» деп еліміздегі білім саласына айқын бағыт көрсетті. «Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін» деп тағы да жастарға үлкен сенім артты. Бұл мақала жастарды рухани жігерлендіріп қана қоймай, алға жетеледі.
Елбасы аса көрегенділікпен, әрдайым жастарды қолдап, сенім артып келеді. Біз жастар – қашанда ел көшін алға бастауда Елбасымен біргеміз! Сенімнен шығу жолында аянбай еңбек ететін боламыз. Маржан ЕСКУНЕВА,
«Қызмет» колледжінің оқытушысы.