» » МАХАМБЕТОВ МЕМОРИАЛЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

МАХАМБЕТОВ МЕМОРИАЛЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

   Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан Қазақстан Республикасы кубогының I кезеңі аяқталды.
Жарысқа Қырғызстан елінен және еліміздің өңірлерінен 320 шахматшы қатысып, мықтыны анықтады. 7 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Қызылорда облысының құрамасы үшінші орынды иеленді. Жекелей сайыста блиц бойынша 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Назерке Нұрғали, ұлдар арасында Мейіржан Бармағанбетов үздік деп танылса, Әсел Серікбай қола жүлдені еншіледі. 8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Әли Кәусардың мерейі үстем болды. «Ең жас шахматшы» номинациясымен 5 жасар Айжұлдыз Қанатқызы мен Данияр Зұлхарнаев марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан кубогы аясында ересектер арасында «Қызылорда Ореn» рейтингілік турнир де ұйымдастырылды. Турнирде «Үздік шахматшы» номинациясына әйелдер арасында Сақыпжамал Бармағанбетова, ұлдар арасында Әділет Ерсерік, ардагерлер арасында Юрий Егай ие болды. Жеңімпаз, жүлдегерлерге және номинация иегерлеріне медаль, диплом, кубок және ақшалай сертификат табысталды.
31 мамыр 2018 ж. 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031