» » Жас шахматшы Жансая

Жас шахматшы Жансая


Елімізде шахмат спорты соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарда отандастарымыз жүлделі орыннан көрінуде. Соның айқын бір дәлелі – 14 жасында гроссмейстер атанған шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік.
Оның шахматтағы жетістігі еліміздің абыройын үстем етті. Жансая  – 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы. Осыған дейін жасөспірімдер арасында күміс және қола медаль иеленген шахматшы қызымыз Италияның Тарвизио қаласында әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды. Бұл жетістікке жету оңай болған жоқ. Жансая әлем чемпионатында он бір ойын өткізіп, тоғызында жеңіске жетті. Бір ойында тең түсіп, бір ойында жеңілді. Нәтижесінде 9,5 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды. Cоңғы турда америкалық шахматшы Дженнифер Юмен кездесіп, жеңіске жетті. Жарысқа осы жас аралығындағы әлемнің кіл мықты шахматшылары қатысты. Жансая Әбдімәлік –қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы. Қазіргі таңда "Top 100 Women November" рейтингінде 40-орынды еншіленген. Жуырда Жансая Әбдімәлік "Miss Chess Eurasia – 2017" байқауында әлемнің 20-ға жуық елінің жас шахматшы арулары арасынан 9136 дауыс жинап, Еуразиядағы ең сұлу шахматшы қыз атанды.


15 ақпан 2018 ж. 1 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930