» » Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын аяқтады

Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын аяқтады

Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Азиада жеңімпазы Әділбек Ниязымбетов рингтегі карьерасын аяқтағанын мәлім етті, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Бұл жаңалыққа қатысты ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов өз ойын айтты.  "Әділбек әр спортшының маңдайына бұйыра бермейтін жеңістерге қол жеткізді. Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының финалына тек мықтылар шығады. Сондықтан отандық бокс алдында сіңірген еңбегі орасан", — дейді Мырзағали Айтжанов.
Әділбек Ниязымбетов бокстан ұлттық құрама команданың капитаны болып, бұл міндетті де абыроймен атқарды. Қазақстан біріншілігі аяқталған соң бапкерлер кеңесі құрама сапында өнер көрсететін боксшылармен бірге жаңа капитанды да бекітпек.

22 қараша 2018 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031