» » МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ: БОКС ЛАС САЯСАТҚА АЙНАЛЫП БАРАДЫ

МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ: БОКС ЛАС САЯСАТҚА АЙНАЛЫП БАРАДЫ

    Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азиада додасында қазақстандық спортшылар 15  алтын, 17 күміс, 44 қола медаль алып, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады. Бокс тарихында бірінші рет  қазақ боксшылары  алтын ала алмады. Тек Асланбек Шымбергенов (69 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) ғана күмісті қанағат тұтты. Бұл жолғы сәтсіздіктің сыры неде? Мүмкін жігіттер бабында болмаған шығар. Бұған қатысты бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов түсініктеме берді. –Біздің жігіттер жақсы бокстасты. Бабында болды. Барынша қайрат көрсетті. Бірақ өкінішке қарай, бүгінгі Азиада ойындары ақиқаты керек, саясатқа айналып кетті. Мұндай жағдайда жеңу немесе алтынға қол жеткізу қиын. Сондықтан жігіттерге ешқандай кінә таға алмаймын. Олар аяғына дейін айқасты. Тек екеуі ғана күміс медаль алды. Алтын алуға мүмкіндігі зор еді.  Бүгінгі Азиада өте қиынға соқты. Біз қарсыластарымызбен ғана айқасқан жоқпыз. Азиада -2018 боксының қадірі кетті,  барған сайын лас, былғаныш саясатқа айналып барады. Біз Джакартаға ұшып барған сәтте –ақ  өзімізді ауыр сын күтіп тұрғанын сезіндік. Рингте барлық елдердің төрешілері қазылық етті, ал  Қазақстанның бір-бір адамын жібермеді. Ералиевтің жеңісін тартып алды, сонда бәрінің бізге қарсы жұмыс істеп жатқанын тағы түсіндік. Қорқатын ештеңе жоқ, сабыр етейік, –дейді бапкер Мырзағали Айтжанов. Сонымен Азиада-2018 бәсекесінде басты жүлделер кімнің еншісінде кетті? Өзбекстан –5 алтын, 2 күміс Монғолия –1 алтын, 1 күміс Үндістан – 1 алтын, 1 қола Қазақстан – 2 күміс Филиппины 1 күміс, 2 қола
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

03 қыркүйек 2018 ж. 3 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031