» » «BAIKONYR INVEST» Х халықаралық инвестициялық форумы өтеді

«BAIKONYR INVEST» Х халықаралық инвестициялық форумы өтеді

Іс-шара 3-4 желтоқсанға жоспарланып отыр. Форумның тақырыбы: «Жасыл» экономика – өңірді дамытудың жаңа бағыты» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Биылғы форумның негізгі тақырыбы жаңа технологиялар мен «жасыл кластерлерді» енгізу және өңірдің табиғи әлеуетін жаңартылатын энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, қалдықтарды пайдаға асыру және басқа да секторларда пайдалану мәселелерін талқылау болмақ.
Форумға Испания, Франция, Болгария, Қытай, Корея, Түркия, Ресей, Өзбекстан және өзге елдерден ресми тұлғалар мен бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысады деп жос­парлануда.
Форум аясында пленарлық отырыс және 4 секцияның жұ­мысы өтеді. Мұнда ЖЭК бойынша жобаларды енгізу мәселелері, ТКШ энерго­тиімділік, қалдықтарды бас­қару жүйесін жетілдіру, «Цифр­ландыру. Smart city», АӨК-дегі «Жасыл технологиялар», су және жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, «Жасыл экономиканы дамытуда МЖӘ тетіктерін қолданудың жаңа мүмкіндіктері» қаралады.
Шара барысында инвестицияларды қажет ететін жобалар көрмесі, В2В, G2B, G2G форматындағы кездесулер, сондай-ақ, бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсімі ұйымдастырылады.
Дәстүр бойынша, облыс әкімдігі арнайы қатысушылар үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағына «Союз-МС» зымы­ранының ұшырылуын бақы­лауға экскурсиялық тур ұйымдастырады.
Форум модераторы - BBC World News коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин.
Форум спикерлері: Француз Республикасының сенаторы Пьер Кабарэ, ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі Дарын Тұяқов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция ко­ми­тетінің төрағасы Ерлан Хаиров, «Халықаралық жасыл технологиялар және ин­вестициялық жобалар орта­лығы» ҰАҚ басшысы Рапиль Жошыбаев және басқалар.
«Форумның негізгі мақ­саты – шетелдік және отан­дық инвесторлардың өңір компанияларымен өзара тиімді әріптестік орнату, ин­вес­­тициялық жобаларды іске асыру, өңір экономикасын әртараптандыру мен жаңғырту үшін бизнес, ғылым және билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіру», - дейді  облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким.
Форумның ақпараттық се­рік­тесі – «Sputnik Kazakhstan»  АА.
27 қараша 2018 ж. 7 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031