Мәскеудегі жүздесу
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов университет басшылығымен, қызылордалықтар оқитын факультеттердің декандарымен, жастар ісі жөніндегі мамандармен кездесті. Студенттердің үлгерімімен, университет жұмысымен танысып, келер жылға грант бөлу мәселесін талқылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы түсіндірілді. Кездесу соңында Руслан Рүстемұлы жырақта жүрген қызылордалық шәкірттерге "Туған жер" атты өлең оқыды, жерлес ақын Жарасxан Әбдіраштың өлеңін жастар ыстық ықыласпен қабылдады.