» » Оқу ордасына – 5 жыл

Оқу ордасына – 5 жыл


Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебіне биыл – 5 жыл.  «Сыр медиа» ЖШС басшылығы, серіктестікке қарасты облыстық, аудандық басылым редакторлары «СIS» халықаралық мектептер кеңесіне мүшелікке енген оқу ошағының тыныс-тіршілігімен танысты.
Экскурсия барысында мектеп директоры Бақыт Жұматай әріптестерге оқу процесіндегі бірқатар ерекшеліктерді атап көрсетті.
– Қазіргі таңда мектепте 7-12 сыныптар аралығында 680 оқушы үш тілде тереңдетілген білім алуда. Барлығы ғылыми жұмыстармен айналысады, бірнеше рет аймақтық, республикалық олимпиадаларға қатысып, техникалық көрмелерден жүлдемен оралған. Мектепте қазақстандық, сондай-ақ Канада, Филиппин, Уганда, Кения және өзге елдерден келген 7 шетелдік маман жұмыс істейді. Біздің басты қағида – қабілетті жастардың әлемдік деңгейде шыңдалуына қолдау көрсету. Бұл орайда Ұлыбританияның ұлттық орталығы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme білім бағдарламасының General Certificate of Education A-Level деңгейіне сәйкестігін растауы үлкен мүмкіндіктерге жол ашқанын айту керек. Ол түлектердің  қазақстандық 10 беделді жоғары оқу орнына 2 курсқа, ал Германиядағы университеттерге университеталды дайындық курсына қатыспай-ақ оқуға қабылдануына көмек береді. Биыл 132 түлектің 100 пайызы жоғары оқу орындарына түсті. Әлемдегі 8 мемлекеттің білім гранттарын иеленіп, жоғары білім алуда, – деді Б.Жұматай. 
29 қараша 2018 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930