» » Балаларға базарлық

Балаларға базарлық


Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде дәстүрге айналған «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен бастауыш және мектепке дейінгі балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті.
Аталған бірлестіктің жетекшісі Галина Щербакова бастаған мерекелік  шыршаға қаладағы №5, 23, 198, 233 орта мектептің оқушылары, «Анар Бэби» оқу орталығының бүлдіршіндері, жас хоккейшілер, отбасылық жағдайы төмен бүлдіршіндер қатысты. Жаңа жыл мерекесіндегі шырша кешінде балғындар үшін қызықты мерекелік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар шыршаны айнала ән салып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды. Жаңа жылдық қойылымда сүйікті ертегі кейіпкері, Қораз, Ит кейіпіндегі басты қонақ бүлдіршіндермен әлем халқының түрлі ойынын ойнап, Халк, Бэтмен, Супермен және тағы басқа заманауи мультихикаяның батырлары халық биін биледі. Ал ертегінің ең жағымсыз кейіпкері Жалмауыз кемпір гироскутермен өнер көрсетті. Шырша кешінде бүлдіршіндер «Наз» және «Жемчужинка» би тобы әзірлеген керемет биді тамашалады. Мерекелік кештің соңында Қазақстандағы Ресей елшілігі атынан барлық қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
11 қаңтар 2018 ж. 1 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930