ҚАЛА ӘКІМІ БҮЛДІРШІНДЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін, қалалық оқушылар сарайында қала әкімінің балғын бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті.
Ертегілер әлеміне еліктірер ғажайып мереке биылғы жылы «Мұз ғаламшары» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар сарайы толығымен тақырыпқа сай безендірілген.
Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 100 бала қатысты.
Мерекелік шарада қала әкімі Н.Нәлібаев балаларды құттықтап: "Айналайын бүлдіршіндер! Өңіріміздің өздеріңіздей білімді де талапты жастары әлемнің ең озық оқу орындарында білім алуда, спорт саласында биік белестерді бағындырып чемпион атануда, басқа да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп Сыр елінің абыройын көтеруде. Сол аға-әпкелеріңізден үлгі алып, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар.
Жаңа жыл Өздеріңізге де, Сіздерді мәпелеп өсіріп отырған ата-аналарыңызға да тек жақсылық әкелсін! Жаңа жылда бойларыңыз бен ойларыңыз қатар өсіп, бізді тек жетістіктеріңізбен қуантыңыздар! Ел ертеңіне бағытталған жолдарыңыз Нұрлы, болашақтарыңыз жарқын болғай», – деген жүрек жарды тілегін жеткізді.
Ертеңгілік соңы оқушылар сарайының өнерпаздары әзірлеген ән мен биге ұласып, қатысушы балалар Аяз ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетті.
Шарада балаларға арнайы дайындаған сыйлықтар (нетбук, тәттілер) табысталып, қала әкімі балаларға арнайы әзірленген жаңа жылдық тортты үлестірді. Барлық қатысушы бүлдіршіндер мерекелік дастарқаннан дәм татты.