» » Өзбек драма театры Достық үйінде

Өзбек драма театры Достық үйінде


Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруыменОңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры Сыр өңіріне қонаққа келді. Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен белсенділері қатысты. Қатысушылар театрдың орындауында «Өзбекше би» қойылымын тамашалады.
 Қойылымда өзбек жігітін  ұнатып, жақсы көріп қалған  орыс қызының тағдыры баяндалады. Өмірлік серігінің,  қайын енесінің мейірімінің арқасында барлық қиындықты жеңіп, салт-дәстүрін үйреніп, нағыз өзбек әйеліне айналғанын көрседі. Сондай-ақ, адамзатқа ортақ құндылықтар паш етілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған шарада Шымкент қаласынан ат терлетіп келген өзбек драма театрының директоры Икрам Хашимжанов өңіріміздегі өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне алғыс хат табыстады. Шараның соңында қатысушылар концерт тамашалап, көңілді кеш сыйлаған Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрына алғысын білдірді.
15 желтоқсан 2017 ж. 1 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031