» » ЖОЛДАУ ЖАҢА БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ЖОЛДАУ ЖАҢА БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ


2018 жылдың 15 қаңтары күні «Болашақ» колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті.
Шараға өңіріміздің саяси өмірінде өзіндік орын алар ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, соның ішінде  «Болашақ» университетінің  ректоры, т.ғ.д Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы, «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Насимов Мұрат Өрленбайұлы, «Сыр медиа» медиа-холдингі «Ақпараттық талдау орталығының» директоры, саяси ғылымдарының кандидаты Сахиев Сәулет Ерназарұлы, «Қалалық жастар ресурстық орталығы» ММ-нің директоры Досмаханов Жанболат Жеңсікбайұлы, «Қоғам ТВ» телеарнасының, «Қызылорда Таймс», «Ақмешіт апталығы» газеттерінің өкілдері бар.
Сондай-ақ, шараға «Болашақ» колледжінің «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алып жатқан бітіруші түлектері қатысты.
«Болашақ» университетінің  ректоры, т.ғ.д Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы алғы сөз сөйлеп, жыл сайынғы жолдаулардың маңыздылығына тоқталып, жиынды ашып берсе, «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Насимов Мұрат Өрленбайұлы Елбасы жолдауында айтылған өзекті міндеттерді жастарға толығымен түсіндіріп өтті. Жиналыс барысында «Сыр медиа» медиа-холдингі «Ақпараттық талдау орталығының» директоры, саяси ғылымдарының кандидаты Сахиев Сәулет Ерназарұлы жолдауда көрсетілген, Қазақстанның 30 жетекші елдердің қатарына кіруге бағытталған негізгі басымдықтарға тоқталды. «Қалалық жастар ресурстық орталығы» ММ-нің директоры Досмаханов Жанболат Жеңсікбайұлы аса маңызды басым бағыттарды жүзеге асырудағы жастардың алатын орнын атап өтті, қойылған жоспарларды жүзеге асыру барысында жастарды аянбай еңбек етуге, ол үшін үздіксіз білім алуға, тіл үйренуге шақырды. Жиналған қауым айтылған сөздерді бар ынталарымен тыңдап, өздерінің толғандырған сұрақтарына толық ақпарат ала алды.
Аида Есенгелдіқызы
«Болашақ» колледжі директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі  орынбасары
16 қаңтар 2018 ж. 1 070 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930