Ұлттық мақтаныш сезімін арттыру керек

Ол өңірлік ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері және дін мәселелерін зерттеу орталығы мен жастар ресурстық орталығының мамандарына деструктивті діни ағымдардың теріс идеологияларымен күресудің тәсілдерін жетілдіру жолдары туралы тәжірибесін ортаға салды.
– Радикалдармен күресте қазақ елінің Еуразия кеңістігіндегі алып империяның мұрагері екенін санаға сіңіріп отыру маңызды. Осының арқасында бойында ұлттық құндылықтарға деген мақтаныш сезім артып, жастардың еліктемейтін болады. Осылайша ата-бабалардың өзгеге ерлік, жомарттық, білім басқа да сипаттары үлгі ету қажет, – дейді Жарас Аханов.
Семинар барысында облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Қамалов өңірде дестурктивті діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру жөнінде ойын ортаға салып, шараның маңыздылығын атап өтті. Ал облыстық жастар басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов жат ағымдардың теріс идеологиясына қарсы тұруда аймақ жастарының белсенділігін арттыру қажеттігін айтты.