Ұстазға тағзым
Қызылорда қаласындағы №8 Полина Денисовна Осипенко атындағы орта мектебінің 7 «а» сыныбының оқушысы Кеңес Сания «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының «Ұлт болашағы рухани жаңғыруда» атты Республикалық жас зерттеушілер арасында ұйымдастырылған байқауында 1 орынды иеленді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын жастарға насихаттап, түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шараға 150-ден астам жас зерттеушілер қатысты. Тарихтан сыр шерткен шарада туған өлке, киелі жерлер, Қазақстанның әлемдік мәдениеттегі рөлі және «Жаныңда жүр жақсы адам» - тақырыптары бойынша ғылыми жұмыстарын қорғады.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен жас зерттеушілердің ІV Құрылтайында марапаттау рәсімі өтіп, үздік деп танылған жас зерттеуші Кеңес Сания «Қорқыт Атаның нақыл сөздерінің жасөспірімдерді тәрбиелеуде алар орны» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен оқ бойы озық шығып, арнайы 1 дәрежелі диплом мен жүлдеге ие болды.
Қызылорда қаласындағы №8 Полина Денисовна Осипенко атындағы орта мектебіне басшылық жасап отырған директор Төлеуова Қарлығаш Сақтағанқызы және сынып жетекшісі Қуандықова Гүлназия Нағашыбайқызы, ғылыми жетекшісі Қамзаева Гүлшатқа алғысымды білдіргім келеді.
Сания Кеңестің сабақ үлгерімімен қатар, түрлі іс-шараларға белсене қатысуына ықпал жасап отырған осы мектептің ұстаздарына шексіз ризашылығымды білдіремін.
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі», - деген қазақтың кемеңгер ақыны М.Жұмабаев. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.
Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан міндет өте ауыр», - деп бекер айтпаған.
Әрбір шәкіртінің биік дәрежелерге жетуі ұстаз ретіндегі берген тәрбиесі мен тәжірибесінің текке кетпегені, еңбегінің жарқырап жанғаны, уақытының, саналығұмырының еш зая кетпегендігі деп білемін.
Қызымыздың байқаудан жүлделі орынды иеленгені Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі деп мақтанышпен айта аламын.
Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Әрбір шәкіртінің биік дәрежелерге жетуі ұстаз ретіндегі берген тәрбиесі мен тәжірибесінің текке кетпегені, еңбегінің жарқырап жанғаны, уақытының, саналығұмырының еш зая кетпегендігі деп білемін.
Қызымыздың байқаудан жүлделі орынды иеленгені Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі деп мақтанышпен айта аламын.
Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Әлиясқаровтар әулеті