ҚАЛЖЫҢ ҚАЛТА
Сұлулықтың сыры
Ұлдар кіші кластарда әдемі қыздарға деген сезімін олардың басынан кітаппен, портфельмен ұрып білдіреді. Сосын, өсіп алған соң, «Сұлу қыздар неге ақылсыз болып келеді?» деп аң-таң боп жүргендері.
Шыны мен сыры
Әскери бөлімшеге жаңа түскен сарбазға офицер:
– Шыныңды айтшы, біздің даңқты армияда қызмет ететініңе бақыттысың ба?
– Дәл солай, жолдас командир!
– Әскерге дейін не істеп едің?
– Мұнан да бақыттырақ болғам, жолдас командир!
Шындықтың құны
Бір күн тек қана шындықты айтып өмір сүріп көрші. Сол күннің кешінде-ақ қоғамнан аласталған, жұмыссыз, жалғызбасты адамға айналып, аурухананың травматология бөлімінде жатасың.
Психологиялық сынақ
Ұлттық қауіпсіздік органының бастығы жұмысқа алар алдындағы сұхбаттасуды жүргізіп отыр.
– Отбасыңызбен жұмыстағы бастығыңызды қонақ қып күтіп жатырсыз делік. Кенет үйіңізге қарулы лаңкес кіріп келді де, қолыңызға бір-ақ оғы бар тапанша ұстатып: «Жаныңдағылардың бірін атып сал, сонда қалғандарын босатамын!» десе. Сонда кімді оққа ұшырар едіңіз?
– Белгілі емес пе кімді ататыным?
– Жоқ, сіз жақсылап ойланыңыз, бұл ауыр моральдік таңдау ғой.
– Ойланатын несі бар, лаңкестің өзін атамын да!
Сот залында
– Жалған куәлік беретін болсаңыз, сізді не күтіп тұрғанын білетін шығарсыз?
– Иә, білем. «Мерс» мінгіземіз деген.
Кім қаттырақ қуанды?
Анамыз біз үшеумізді әжемізге тастап, шаруасымен шығып кеткен. Қайтып келгенінде:
– Алақай, алақай, шешелерің келді! – деп әжеміз есікке бізден бұрын тұра жүгірді.
Сергелдең сессия
Студент аудиториядан шығады. Жолдастары тықыршып:
– Қалай, тапсырдың ба?-дейді.
– Тапсырған сияқтымын...
– Ол не сұрады?
– Қайдан білейін, ол ағылшын тілінде сұрады ғой.