» » ЭНДОКРИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕРАПИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

ЭНДОКРИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕРАПИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

Қаламызда эндокринология және жалпы терапия медициналық клиникасы ашылды. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы тұрғындарды жаңа заманауи клиниканың ашылуымен құттықтап, жоба жетекшісіне алғысын жеткізді. «Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы, бұл адами капитал. Біздің басты мақсатымыз да, халықтың әлеуметтік жағдайымен қатар рухани және денсаулық жағдайын жақсарту. Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары біздің өңірімізде жергілікті инвесторларды тарта отырып, мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында қала халқына қажетті түрлі әлеуметтік нысандар іске қосылды. Қаламызда денсаулық сақтау нысандарының санын арттырып отырғаны үшін жоба жетекшісі Сергей Кимге риясыз алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс тілеймін. Жаңадан ашылғалы тұрған бұл ғимарат халықтың игілігі үшін қызмет етсін»,- деді Н.Нәлібаев.
«Агрохимсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған бұл жобаның жалпы құны 550 млн. теңге, оның 130 млн теңгесі Даму қоры арқылы жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған. 1 мың 200 шаршы метрді құрайтын жаңа клиника қала халқына медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи құралдармен қамтамасыз етіліп, жалпы терапиялық қызмет көрсетеді.
18 қаңтар 2018 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031