» » БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БІР БАҚЫТ

БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БІР БАҚЫТ

Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады. Аталған заң жобасы тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етеді. Жаңа ережеге сәйкес Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де әскери қызметкерлерге арналған жаңа бағдарламаны ұсынды.
Әскери қызметшілер екінші деңгейлі банк арқылы есеп-шот ашып, ай сайын тұрғын үй төлемдерін аударуға мүмкіндік алды. Ал Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері еліміздің тиісті өңіріндегі баспананың 1 шаршы метр құнын әскери қызметшінің отбасы мүшелерінің әрқайсысына тиесілі яғни бір адамға шаққанда 18 шаршы метрге көбейту арқылы есептелінбек.
– Бұл жоба болашақта үлкен сұранысқа ие болады. Себебі аталған бағдарлама туралы айтыла бастаған кезден бастап бір-екі айдың ғана ішінде 400-дей әскери қызметкер банкіміздің салымшысы атанып үлгерді. Жаңа модель қай жағынан да тиімді болмақ. Біріншіден, тұтынудан қаражат сақтап, ақша жинауға көшуге мүмкіндік береді, себебі әскери және арнайы орган қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін баспаналы боламын деп жинай бастайды. Екіншіден, жаңа механизмнің арқасында бюджет шығындары әскери қызметкерлердің баспаналы болуы үшін жұмсалады, ал қазір ол қаражат жалға берушілердің қалтасына кетіп жатыр. Үшіншіден, әскери қызметкерлерді несиелендіру бір өнім аясында жүзеге асырылатын болады. Яғни тұрғын үй төлемдерін алушылар мен тұрғын үй төлемдерінің көлемі бір орталықтандырылады, республикалық бюджеттен бөлінетін ақшаның қалай пайдаланылып жатқаны ашық жүреді, - деді Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев.
Бүгінде облыста 44 045 азамат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашып, оны толықтырып келеді.
18 қаңтар 2018 ж. 994 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031