» » Баспана салу көлемі артады

Баспана салу көлемі артады


      Кез келген адам үшін баспаналы болу, үй иесі атану – өзекті мәселе. Осы орайда Елбасының Қазақстан халқына жолдауын мұқият тыңдадық. Жолдауда тұрғын үй бағытына ерекше мән беріліп, ол бөлек міндет ретінде қарастырылған. Бұл тапсырманың орындалуы тұрғын үй саясатындағы үлкен жетістік болады деп айтар едім.
         Елбасы өз жолдауында: «Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты. Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға  шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек», - деді. Бұл міндеттің орындалуына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де өз үлесін қосатын болады. Қазірдің өзінде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Оған біздің банкте ашылған миллионнан астам салым дәлел.  Біз мұнымен тоқтап қалмақ емеспіз. 2018 жылы Қызылорда облысы тұрғындарын баспанамен қамтитын «Нұрлы жер», «Өз үйім» бағдарламаларынан бөлек тағы бір тың жоба жоспарлануда.  Жақын арады жақсы жаңалықпен бөлісетін боламыз.
Әділжан Сәулебаев,
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
Қызылордафилиалыныңдиректоры 
10 қаңтар 2018 ж. 1 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930