Nike PlayStation ойыншыларына аяқ киім шығарды
Жаңа PlayStation 4 приставкасы мен DualShock 4 контроллерінің шығуына орай, Тони Хардман Nike кроссовкаларының ерекше үлгісін жасап шығарды. Алғаш рет мұндай идеяны Джордж Пол жүзеге асырған еді. Ол тың модельді ойын приставкасы мен NBA баскетбол ойынына арнаған болатын. Бірақ, ол сәтсіз шықты. Қазіргі модельдің аяқ киім бауын өткізетін тесіктері джойстиктің фирмалық түсінде жасалған. Ал, жанында үшбұрыш, шаршы, крест және дөңгелек бейнеленген. Кроссовкалар тілінің бірінде Джордж Полдің, екіншісінде PlayStation логотипі жапсырылған. Олар, сондай-ақ, жарқырап жанады және қуаттауды қажет етпейді. Өйткені, 150 сағат үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Бір қызығы, қазір сәнге айналған түрлі коллаборациялар кейде тым талғамсыз көрінгенмен, кейде шынымен ұтымды жаңалық алып келеді.