» » ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТ КӨП

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТ КӨП


Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова Сырдария ауданында болып, Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурухана жұмысымен танысып, ұжым қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері З.Көшенова, Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева есепті мерзімде аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер туралы баяндама жасады. Аудандық аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуы жыл санап артып келе жатқанын айтқан ауданның бас дәрігері Нұржамал Жұмағалиқызы бұл көрсеткіш 2015 жылы 42,7 пайызды құраса, былтыр 82,2 пайыз болғанын атап өтті. Сондай-ақ, дәрігерлердің біліктілігін арттыру, медициналық қызмет сапасын жақсарту, өлім-жітім көрсеткішін төмендету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Жиын барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова денсаулық сақтау саласына жүктелер міндет көп екенін айтып, сала мамандарына тоқмейілсуге болмайтынын жеткізді. Сонымен бірге, халықтың сенімін ақтау – басты міндет екеніне тоқталды. Аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, аудандық "Мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сауытбаевтар сөз сөйлеп, сала мамандарына жауапты жұмыста абыройлы болуға тілектестігін білдірді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
26 қаңтар 2018 ж. 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031