Винокуров үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Бұрынғы велошабандоздар – қазақстандық Александр Винокуров пен ресейлік Александр Колобневтің ісі 13 наурызда Льеж қылмыстық сотында қаралады.
Спортшылар кінәсін мойындаса, оларды үш жылға дейін бас бостандығын айыру және 350 мың еуроға дейін айыппұл төлеу жазасы күтіп тұр.
Ақпарат құралдары осыған дейін 2010 жылы «Льеж – Бастонь – Льеж» классикалық жарысында Винокуров қарсыласы Колобневке мәреде жол беруі үшін 150 мың еуро төледі деген хабар таратқан болатын. Екі спортшы мұндай келісімнің болмағанын айтып, бұл мәліметті жоққа шығарды.
Еске сала кетейік, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Александр Колобнев 2017 жылдың қаңтарында үлкен спорттан кететінін мәлімдеген. Ал Лондон олимпиадасының чемпионы Винокуров қазіргі таңда «Астана» велокомандасының бас менеджері қызметін атқарады.