SPELLING BEE

Еліміздегі АҚШ елшілігі мен А.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазастан облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың біріккен жобасы аясында Шымкент қаласында аймақтық «Kazakhstan Spelling Bee» сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты – ағылшын тілін оқытуды күшейту және қазақстандық жастар арасында американдық мәдениетті таныту.

«Spelling bee» еліміздің  жоғары оқу орындары және колледждерде оқитын студенттер арасында өтетін сайыс. Сайыс шарты бойынша жүргізуші бір сөзді айтады, қатысушы сөзді әріптермен ауызша айту керек. Қатысушы сөзді қайталауды, оны сөйлемде пайдалануды және сөздің шығу төркіні жөнінен толық анықтаманы екі минут ішінде жауап беруі шарт.  Жарысқа оңтүстік өңірлерден 40-қа жуық студент қатысты. Оның ішінде, Сыр өңірінен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Шетел тілдері және аударма» кафедрасынан 7 студент бақ сынады. Сайыс нәтижесі бойынша І орынды Алматы қаласы Сүлейман Демирель университетінің студенті, ІІ орынды Алматы қаласындағы Азаматтық Авиация академиясының студенті және жүлделі ІІІ орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Ғазиза Арынғазы иеленді.

     Жеңімпаздардың барлығы 30000 және 20000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы иеленіп, ақпан айында Астана қаласында өткізілетін республикалық сайысқа жолдама алды.
01 ақпан 2018 ж. 1 008 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930