» » Көшбасшы кәсіпорын көпке үлгі

Көшбасшы кәсіпорын көпке үлгі


      Былтыр  Елбасы Астана төрінде үздiк кәсiпорындарға «Алтын сапа» сыйлығын табыстағаны мәлім. Онда
«Абзал және К» толық серіктестігі «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік және ауылшаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясын иеленіп, жыл мақтанышына айналды. «Абзал және К» толық серіктестігі – ауыл шаруашылығы, оның ішінде еліміздің күріш индустриясын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді. Осындай көшбасшы компания қызметкерлерінің қажырлы еңбегін насихаттап, жастар арасында үлгі ету мақтаныш. Осы мақсатта облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар «Абзал и К» ТС-де жұмысымен танысты. Сонымен қатар Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында айтылған  аграрлық саясат, өңделген өнімнің экспортын ұлғайту жөнінде айтқан бастамалары түсіндірілді. Шығарылған өнімнің экспортын ұлғайтуда жастардың үлесі қажет екені баса айтылды. Бастамашыл жастар да кәсіпорынның жұмысына қызығушылық танытып, бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.
01 ақпан 2018 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031