» » ЖЫЛДЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ

ЖЫЛДЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ


Тәуелсіздік жылдары біртуар перзенттердің есімі жария заманмен бірге шолпан жұлдыздай жарқырады. Жаңа есімдер тарихты қайта жандандырды. Алысқа бармай-ақ кешегі тауық жылын алайық. Бір жыл, бір қарағанда, көзді ашып-жұмғандай ғана уақыт. Ал осы бір жыл ішінде өткен өзгерісті, тарихқа енген жаңа есімді саралап көрсек, бір жыл бір ғасырдың жүгін көтерерліктей екеніне көз жетеді.
Елбасы «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақала­сында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасын ұсынды. Жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағ­дырына өздері иелік ете алатын азамат болу үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» – деді. Заманауи Қазақстанның кел­бетін танытуға мүмкіндік бе­ре­тін «Жаңа есім» жоба­сы өзінің батыры мен ақы­нын көр­сеткісі келетін ха­лық тара­пынан қолдау тауып,­ үз­дік­ тұлғамен қатар, әр­бір об­­лыс­тың, ауданның, тіп­ті мек­­теп ұжымының үздік тұлға­ла­­рын қамтыды. Онлайн дауыс беру нәтижесінде «102 жаңа есім» анықталып, онда төрт жерлесіміз үздіктер қата­ры­нан табылып, топ жарды. Атап айтар болсақ, Александр Николаевич – будандастыру мәселесін зерттеуші ғалым, ауылшаруашылығы ғы­лым­дарының докторы, Қа­зақ күріш ғылыми-зерттеу инс­ти­тутының бас ғылыми қыз­меткері. Ол күріш сор­тын будандастырудың тиім­ді­лігін арттыратын тың әдіс­ті ұсынды. Сондай-ақ, бу­дан­дастырылған күріштің 100-ге жуық сортын ТМД, Еуропа­ жә­не Азияның күріш егетін 28 елі тәжірибеде қолдануда. Оның ауылшаруашылығы ғы­лы­мындағы көп жылдық ерен еңбегі бағаланып, «100 жа­ңа есім» жобасының жеңім­пазы атанды. Жыл үздігі қа­та­рынан табылған келесі жер­лесіміз – Болатбек Баймаханов. Ол – медицина ғы­лым­дарының докторы, профессор, хирург, А.Сызғанов атын­дағы Ұлттық ғылыми хи­рур­гиялық орталығының бас­қарма төрағасы. Мыңнан ірік­теліп, озық шыққан – Сым­бат Әбдрахманова. Оның жетістігі, еңбегі жас­тар­ға үлгі. Себебі, Сымбат­ Нұр­та­за­қызы балаларға ар­нал­ған қазақ тілінде мульт­фильм құрастырған жас маман, аудармашы, психолог. Қа­зақ­тың ұлттық спортының жұл­дызы, тоғызқұмалақтан әлем­нің 7 дүркін жеңімпазы  27 жастағы – Әсел Далиева­ то­ғызқұмалақты тоғыз жасында ойнап, еліміздің ең жас спорт шебері атанды. Жиырма жасына дейін жастар арасында республикалық тоғызқұмалақ жарысының 6 дүркін же­ңім­­пазы, ал ересектер ара­сын­да­ғы республикалық додада 11 мәрте чемпион атанып,­ көп­теген халықарлық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, ел абыройын әлемдік деңгейде ас­қақтатып келеді.
Осындай ел мерейін үстем еткен жеңімпазды Елбасы арнайы қабылдап, құрметке бөледі.
Соңғы жылда аймақта спорт саласында тың серпін бар. Мәселен, Сыр спорты тарихында осы уақытқа дейін бокстан әлем біріншілігінде ел қоржынына жүлде салған бокс­шы болмаған. Бірақ бұл жағдайды Қамшыбек Қоңқабаев түбегейлі өзгертті. Ол Германияның Гамбург қаласында өткен Әлем чемпио­натында 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс жүл­дені қанжығасына байлады. Елбасы Сыр өңіріне сапарында Қамшыбек Қоңқабаевтың арқасынан қағып, бай­рақты бәсекеде алтын олжалауға жігерлендірді.
Ал мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева “Жылдың үздік жас спортшысы” атанды. «Жыл үздігі» атану үшін Элизабет ынта-жігерін салып, жуырда Минскіде өткен халықаралық «ICE STAR» турнирінде бірінші орынды иеленсе, 5-19 қарашада Франциядағы Гран-При жарысында екі бағдарлама бойынша 200 ұпаймен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Шахматшы қыздарымыз Румынияның Яс­сы қаласында өткен оқушылар ара­сындағы шахматтан әлем чемпионатында  Әсел Серікбай 8,5 ұпай жинап, әлем чемпионы атанса,  Назерке Нұрғали 7,5 ұпай жинап, күміс жүлдені еншіледі. Бұл тек спорттағы жеңісіміз. Ауылшаруашылығы са­ласында да ауыз толтырып ай­тар­лықтай жетістігіміз бар. Мәсе­лен, Елбасы Астана төрінде үздiк кәсiпорынға «Алтын сапа» сыйлығын табыстады. Онда «Абзал және К» толық серіктестігі «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік және ауыл­шаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясын ие­ленді. Ауылшаруашылығы, оның ішінде еліміздің күріш индустриясын дамытуға сүбелі үлес қосқан «Абзал және К» толық серіктестігі республика бойынша күріш өндірісі үздіктерінің үштігінде. Бүгінде компания «Янтарь», «Лидер», «Анаит», «Фаворит» ақ күріштерін, «Камолино» сын­ды күріш жармасын түр-түрімен өн­ді­реді. Өнімге сұраныс та жоғары. Мә­се­лен, Сырдың ақмаржаны Ресей, Әзір­байжан, Украина, Түркіменстан, Өз­бек­стан, Тәжікстан нарығында көш бастап тұр.
Мінеки, қай салада да намысты қолдан бермеген Сыр елінің толайым жетістігі мол. Ең алғаш тәуелсіздіктің шамшырағы жағылған күннен бас­тап Елбасымыз дағдарыстан күй­зелген халықтың жағдайын жақ­сарту мен елдің экономикасын да­мы­тудың жолын қарастырды. Ен­дігі кезек – рухани жаңғыру тұ­сын­да даңқты тұлғалардың есімін ұлық­тап, жастарға үлгі ету. Тамырсыз ештеңенің өсіп-өнбейтіні, мә­уе­леп жеміс бермейтіні белгілі. Тек­сізден текті баланың тумайтыны­ да заңдылық. Ендеше талантымен, еңбегімен дараланған дарабоз тұл­ға­лармен мақтана да, марқая да бі­лейік.
Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ
05 қаңтар 2018 ж. 1 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031