» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал


Тоқты
Жақыныңызға қатал, ал қызметкерлерге өте талапшыл боласыз. Бұл мінезіңіз өзіңізге де ұнамауы мүмкін. Сондықтан өзіңізге жақын адаммен ашық әңгімелесіп, мәселені шешіп алыңыз.
Торпақ
Күйзеліске түсуге бейім боласыз. Сондықтан жағымсыз ортадан бойды аулақ ұстаңыз. Сонымен қатар алыс сапарға шықпаңыз. Таза ауада жиі серуендеңіз.
Егіз
Күнделікті жұмыстан шаршайсыз. Білім көкжиегін кеңейту мақсатында басқа да шаруалармен айналысуды жөн көресіз. Бірақ барлық уақытта сіздің айтқаныңыз бола бермейді. Арасында жоспарыңыз өзгеруі мүмкін.
Шаян
Әріптесіңізбен бірге ауқымды жұмыс істейсіз. Сізге берілген тапсырманың жүгі ауыр. Оны орындау үшін біраз тер төгуге тура келеді. Жұмысты бұлжытпай орындау үшін өзгелердің көмегі қажет болады.
Арыстан
Отбасыңызда әрбір жанға көңіл бөліп, олардың мұқтаждығына назар аударыңыз. Кейбір жандар өз-өзімен болып, жалғыз қалуды қалайды. Жұмыс ауыстыруды көздейсіз.
Бикеш
Махаббатта жолыңыз болады. Сүйген адамыңызды жолықтырып, басқосуды да қалайсыз. Ойыңызды сүйіктіңізге жеткізіңіз. Сеніңіз, оның да сізге деген сезімі ерекше. Уақытты текке кетірмеңіз.
Таразы
Табысты боласыз. Үйіңізге кіріс кіріп, қаражат жинай бастайсыз. Көптен күткен арманыңыз орындалып, үмітіңіз қайта оянады. Әрдайым қозғалыста болыңыз, шаруаңызды соңына дейін орындаңыз.
Сарышаян
Сіз үшін айтарлықтай жаңалық жоқ. Сондықтан да бұл апта есіңізде қалмайды. Сол секілді өзекті мәселе де көп емес. Алайда жұмыста немесе жеке өміріңізде аздаған қиындық туындап қалуы мүмкін.
Мерген
Жұмысты кейінге қалдырмаңыз. Өз жағдайыңызды ойлап, жан-жағыңызға алаңдайсыз. Сонымен қатар келешекке жоспар құрып, жүйкеңізді тыныштандырасыз.
Тауешкі
Айналаңызда жақсы өзгеріс орын алады. Ескі таныстармен қарым-қатынасыңыз үзіледі. Кейбір жандар жаңа таныстар немесе туыстарын табады.
Суқұйғыш
Сүйіктіңізге көңіл бөлуге уақытыңыз жоқ. Оған жұмысбастылық немесе оқудың көптігі себеп болуы мүмкін. Бұл жағдай оң әсерін тигізеді деп айтуға болады. Себебі бір-біріңізден алыстау арқылы өз бағаларыңызды арттырасыздар.
Балық
Өз-өзіңізді дамытасыз. Қызықты, әрі табысы мол жұмыс тауып, маңызды іспен немесе шығармашылықпен айналысасыз. Есіңізде болсын, ұсақ шаруаға уақыт кетірмей, маңызды істі қолға алыңыз.

27 тамыз 2020 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031