Алдағы аптаға жұлдыз – жорамал
Көптен бері ойлап жүрген жұмысыңыз іске асады. Ол үшін күш салмайсыз, оқиғаны сырттай бақылап отырасыз. Ашықтығыңыз, шыншылдығыңызды бағалайтын жандар бар. Олар сізді барлық жағынан да қолдайтын болады.
Торпақ
Апта сәтті болмақ. Бұл апта пайдалы іспен айналысуға да, жай демалуға да қолайлы уақыт. Өзіңізге ұнайтын қызықты іспен айналысасыз. Апта аяғында көңіл көтеретін кештің қонағы боласыз.
Егіз
Аптада жаңа достар табасыз. Сонымен қатар алдағы уақытта өміріңіздің бір бөлшегіне айналатын жанды жолықтырасыз. Дегенмен тәуекелге барып, ірі көлемде сауда жасаудың қажеті жоқ.
Шаян
Айналаңызда болып жатқан жағдайларға қарамастан, сабырлық сақтап отырасыз. Бұл шешіміңіз дұрыс болмақ. Соның арқасында кикілжіңдерден бойды аулақ ұстайсыз, сондай-ақ арандатуға жол бермейсіз.
Арыстан
Аптада атқарар шаруа көп. Ең алдымен қайсысынан бастау қажет екенін реттеп алыңыз. Ойға түрлі жоспар келеді. Бірақ идеяларды дәл қазір жүзеге асырудың қажеті жоқ. Себебі олар әзірге табыс әкелмейді.
Бикеш
Аптаны пайдалы іспен айналысуға жұмсаңыз. Әсіресе, қиын шаруаларды қолға алған жөн. Жаңашылдыққа тез үйренесіз. Сонымен қатар көп ақпараттың ішінен өзіңізге қажеттісін ала аласыз.
Таразы
Қызықты апта. Ішкі түйсігіңізге жүгіне отырып, ең қиын шаруаларды мойныңызға жүктейсіз. Өзгелер ала алмаған асуды бағындырасыз. Сіздің тың идея барлығына ұнайтын болады.
Сарышаян
Демалуға, күш-жігеріңізді қайта қалпына келтіруге қолайлы сәт. Кейбір шаруаны кейінге қалдырған жөн. Алайда мұқият болыңыз. Аптада туыстардың арасында болыңыз.
Мерген
Қиын шаруаның барлығы артта қалды. Енді тыныштықта демалатын боласыз. Көтеріңкі көңіл-күйде болыңыз. Аптада көп күшті қажет ететін, маңызды шаруаны, ірі жобаны қолға алмаңыз.
Тауешкі
Жемісті апта. Таңертеңгілік айтарлықтай жоспарыңыз болмаса да, біраз уақыттан соң айналысатын іс тауып аласыз. Бойыңызда күш-қуатыңыз көп. Сондықтан біраз шаруаны тындыратын боласыз.
Суқұйғыш
Кез келген пайдалы іспен айналысуға мүмкіндік бар. Ойлау қабілетіңіз жоғары, сондықтан қиын тапсырманың өзін оңай орындай аласыз. Сіз өз ортаңыздың көшбасшысысыз. Оны кез келген адам мойындайды.
Балық
Өзгелердің сізге сеніп тапсырған жұмысына бей-жай қарай алмайсыз. Бар ынтаңызбен көмек көрсетіп, қайырымдылық акцияларына атсалысасыз. Сонымен қатар әділеттілікке қол жеткізу үшін барыңызды саласыз