Қуырылған еттің қандай зияны бар?
Қуырылған ет адам ағзасына зиян. Бұл туралы Nutrients журналында жарияланған Аустралия мен Оңтүстік Корея ғалымдарының зерттеуінде айтылған.
Қуырылған еттің дәмі ерекше әрі аспаздардың көбі ет тағамдарын қуырып дайындағанды ұнатады. Бірақ ғалымдар мұндай еттің адам ағзасына келтірер зияны көп дейді.
Оңтүстік Аустралия және Кенсен Ұлттық университеттерінің ғалымдары бірігіп зерттеу жасап, қуырылған еттің инсульт пен жүрек-қан ауруларына, диабеттің асқынуына себеп болады деген тұжырым жасады.
"Етті қуырған кезде құрамындағы пайдалы заттар карамельденіп, зиянды қоспаға айналып кетеді. Мұндай етті көп жеген адамның ағзасында қақ заттар жиналып, жасушаның қызметіне кедергі келтіреді. Содан қан тамыры бітеліп, миокард жұмысы да қиындайды. Еттен гриль жасауға, оны тұмшапешпен пісіруге де болмайды, – дейді Оңтүстік Аустралия университетінің ғалымы, доктор Пермал Део.
Сондықтан етті қуырып жеуді азайтқан жөн екен.
"Оның орнына етті суға пісіріп, қайнатып жеген дұрыс. Ал қуырылған етті жеміс-жидекпен жеген жөн", – дейді зерттеу авторларының бірі Питер Клифтон.