» » Министр Қазақстанда ипотека бағасы арзандайтынын айтты

Министр Қазақстанда ипотека бағасы арзандайтынын айтты


ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек сейсенбідегі Үкімет отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Ол алдағы уақытта елімізде ипотека бағасы арзандайтынын айтты.
«Бұл бағдарламаны әрі қарай жүзеге асырудың механизмін қарастырамыз. Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардан соң архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік нормативтерді жетілдіру бойынша жұмыстарды бастадық», - деді министр.
Оның айтуынша, Қазақстанда ипотекалық несие құны арзандайды.
«Қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға қарай бір тұрғынды 30 шаршы метрлік баспанамен қамтамасыз ету көрсеткішіне жеткізу арқылы ипотекалық несиелеу құнын арзандату бойынша мәселелер қарастырып жатырмыз. Биыл коммерциялық банктер құрылыс салушыларға 125 млрд теңге көлемінде субсидияланған несие, 105 млрд теңге ипотекалық несие береді. Банк секторының жандануы жыл сайын несие беру көлемін 350 миллиард теңгеге дейін арттырса, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының үлесін экономикалық белсенді халықтың 12 пайызына дейін жеткізеді. Қабылданған шаралардың арқасында былтырғы жылмен салыстырғанда 2018 жылы қосымша баспана беру 6 пайызға көбеймек», - деді ол.
13 ақпан 2018 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031