» » Қазір ұлттық kz доменін qz етіп өзгертудің қажеті жоқ – Дәурен Абаев

Қазір ұлттық kz доменін qz етіп өзгертудің қажеті жоқ – Дәурен Абаев

Елімізде латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшуге байланысты кейбір мамандар ұлттық kz доменін qz етіп өзгертуді ұсынған. Осы мәселеге қатысты ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өз пікірін білдірді.
«Бұл сұрақтар белгілі график бойынша шешімін табады. Қазіргі таңда ұлттық kz доменін qz етіп өзгертуге қажеттілік жоқ. Бұл сұрақ күн тәртібінде тұрған да жоқ. Барлығы ақылға салынып, зерделеніп шешіледі», - деді министр журнилистерге Үкімет отырысынан кейін.
Сонымен қатар Дәурен Абаев көшедегі жазбаларға қатысты өз ойын айтты.
«Жаңа алфавит бойынша жазылған көшелердегі жазбалардың саны көп емес. Осы орайда олар жаңа нұсқа бойынша жазбаларын қайта түзетуі керек. Себебі, қазақ тіліне негізделген латын әліпбиінің соңғы нұсқасын қабылдап отырмыз», - деп аяқтады ойын министр.
21 ақпан 2018 ж. 903 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031