» » Қазақстанда балаларға жыныстық зәбір көрсеткендердің жазасы ауырлатылмақ

Қазақстанда балаларға жыныстық зәбір көрсеткендердің жазасы ауырлатылмақ

  Балаларға озбырлық жасап, зорлық-зомбылық көрсеткендердің жазасы қатаңдамақ. Сенаторлар осындай өзгерістер енгізілген заң қабылдап, елбасының қол қоюуына жіберді. Халық қалаулыларының дүрлігуіне себеп көп. Елімізде соңғы 5 жылда 4 мың 740 балаға ересектер зорлық әрекеттер жасаған. Бұл тек ресми ақпар ғана. Оның ішінде зорламақ болғандар, ұрып-соққандар бар. 

Соңғы кездері елімізде зорлық-зомбылық көрген балалар көбейіп барады. Қаскөйлердің бірі бұғанасы қатпаған жеткіншектерге әлімжеттік жасаса, өзгесі қорғансыздығын пайдаланып білгенін істеуде. Ең сұмдығы біздің қоғамда туған қызын зорлап келген азғын әкелер де шығуда. Төбе шашыңды тік тұрғызатын осындай оқиғалар заңға өзгеріс енгізуге мәжбүрлеп отыр. Заң жобасын талқылаған сенаторлар оны бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».
«Бұл заң жобасы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін тағайындалатын жазаны күшейтуді көздейді. Онда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу барысында өз құқығына немқұрайлы қараған жандарға қолданылатын жаза да қамтылған. Сондай-ақ, оқу, денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлері қандай да бір жеткіншекке қатысты зорлық-зомбылық фактілерін хабарламаған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады», - дейді Сенат депутаты Светлана Бычкова.
Елімізде бала зорлап, түрмеде отырып келген адамдардың білім саласында жұмыс істеген фактілері де кездескені бар. Заң қабылданса, енді оған жол берілмейді. Мұндай азғындық жасап, істі болғандарға педагогикалық қызметтер атқаруға өмір бойына тыйым салынбақ. 
«Айналадағы адамдардың кейбір санаттарының балаларға қатысты зорлық қылмыстары үшін жаза күшейтілген. Қорыта келгенде, біз заң жобасы қиын өмірлік жағдайда қалған балалардың құқықтарын қорғау жүйесіне байланысты, бірқатар проблемаларды баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін жетілдіру арқылы кешенді шешуге ықпал етеді деп пайымдаймыз», - дейді Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.   
Кәмелетке толмағандарға сексуалдық сипаттағы қылмыс жасаған ата-анасы, өгей ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысына қатысты да қылмыстық жауапкершіліктің жүгі ауыр. Ондайлар 12-ден 17-жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мәселен, күні кеше Өскеменде өзінің туған қызын зорлап келген ер адам 15 жылға сотталып, химиялық кастрация жазасы тағайындалды. Алайда, зардап шеккен жасөспірімнің анасы соттың шешімімен келіспей, шыққан үкім тым қатал дейді. Сондай-ақ, ол күйеуінің қылмысын кешіргенін айтады. Іс материалдарына сәйкес, қаскүнем әке кәмелетке толмаған қызын бірнеше жыл бойы зорлап, қорқытып келген. 
«Шыққан үкімді жеңілдетіп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Біз қатты таңғалып қалдық. Күйеуін жақтап, қылмысын кешірген осымен екінші әйел. Алайда, қылмыс жасаған соң заң алдында жауап беруі тиіс», - дейді облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы төрағасы Қайрат Шақпантаев.
Мұндай жәйттер еліміздің барлық аймағында бар. Осы аптада Астанада жас жігіт қаршадай қызды зорламақ болды. Абырой болғанда бала айқайлап жұртты көмекке шақырып үлгерген. Ал, перзенттеріне алаңдаған жұрт оларды жалғыз қалдырудан қорқып отыр.
«Камералар қажет деп ойлаймын. Өйткені неше түрлі адамдар жүреді. Балалар үшін қорқамыз.  Камералар өте көмектеседі бізге, полицияға».  
«Күні кеше біздің ауладағы әткеншекте 3 жігіт отырды. Түрлері күдікті. Мұндай адамдар көптеп кездеседі. Балалар үшін қорқамыз. Түрғын үй үлкен болған соң пәтерді бір күнге жалға беретіндер көп. Соларды да бақылауға алса жақсы болар еді». 
Ал былтыр оңтүстіктегі Абай ауылындағы 7 жастағы баланы жоғары сынып оқушыларының зорлағаны жайлы ақпарат қоғамда қызу талқыға түскен еді. Бұл іс бойынша бір жасөспіріп 7 жылға соталып, үш күдікті 14-ке толмағандықтан қылмыстық жазадан құтылып кетті.  Бірнеше шенеунік жұмысынан қуылды. Ал, мамандар бала зорлағандарға кесіліп жатқан жаза әлі де болса жеңіл дейді. Ондайларды  өмір бойына бас бостандығынан айырса да айртықтық етпейтінін айтады. Ал, мұндайға жол бермес үшін тәрбиені күшейті керек деген пікірде. 
«Көп нәрселерді ескермей жатырмыз. Мынау мектепте жоғары сыныптың балалары төменгі сыныптың балаларынан ақша жинаудан басталып жатыр барлығы. Төменгі сыныптардан ақша жиналады, оларды ұрып-соғады. Әкесінен алдыртады. Содан басталып, ақыры осындай болып жатыр. Сол себепті қаталдық керек. Тәрбие жұмысын қатаңдатуымыз керек 1-сыныптан бастап», - дейді қоғам белсендісі Полатбек Жоланов.
Осылайша, депутаттар көптен бері жасалу ытиіс бір шаруаның бетін қайырды. Енді, жаңа заң қаншалықты зорлық-зомбылық пен озбырлықты азайтатынын уақыт көрсетеді. Десе де, қоғам белсенділері бір заңмен шектеліп ұзаққа бармаймыз, басқа да кемшін тұстарды жетілдіруді қарастыру қажет, дейді.
Stan.kz
15 наурыз 2019 ж. 977 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031