» » Сенат депутаттары дәрігерлермен кездесу өткізді

Сенат депутаттары дәрігерлермен кездесу өткізді

   Осы аптаның басында Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов арнайы жұмыс сапарымен Қазалы ауданына келді.
Халық қалаулыларының негізгі мақсаты Елбасының Қазақстан халқына «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын жүзеге асыруда туындайтын мақсаттар мен міндеттерді өңірлерде ақпараттық-насихаттау.
Сенаторлар алдымен Қазалы ауданаралық ауруханасында болып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдарына тоқталды.
Кездесу барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 26 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының съезінде көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұрат Бақтиярұлы ең бірінші мақсат – халық денсаулығы, одан кейін білімі және әлеуметтік ахуалының қорғалып, жоғарғы деңгейде болуы деп өз сөзінде атап көрсетті.
– Елімізде медициналық қызметтің көрсету сапасын жақсарту үшін ең бірінші мамандардың еңбекақыларын көтеру басты назарда. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап орта буын қызметкерлерінің айлық жалақысы 30 пайызға көтерілетін болады. Қазіргі уақытта медицина саласын сандық форматқа көшіру жүзеге асырылып жатыр. Бұл медицина саласын қағазбастылықтан арылтуға апаратын бірден-бір жол және сапалы, аз уақыт ішінде қызмет көрсету мүмкіндігін береді, – деді ол.
Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов елiмiздi одан әрi дамытуда, бағдарламаны өңірлерде жүзеге асыруда сапалы заңнамалық қамтамасыз етудiң маңызды екенiн атап, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамаларға тоқталып өтті.
08 наурыз 2019 ж. 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031