» » Депутаттар «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде болды

Депутаттар «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде болды


Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламановтың Қызылорда облысындағы жұмыс бабындағы сапары одан әрі жалғасты.Депутаттар Қармақшы ауданында «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде болды. Сенат төрағасының орынбасары Б.Бекназаров Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қоғамды рухани жаңғырту мен ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алға қойылған мақсаттарды кешенді түрде іске асыру қажеттігін еске салды.
Сенаторлар Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі «Тәуелсіздік» аллеясында да болды. Б.Бекназаров аудандық аурухананың еңбек ұжымымен кездесу барысында денсаулық сақтау мәселелері депутаттық корпустың ұдайы назарында екенін атап өтті. Сенатта 2018 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті іске асыруға арналған парламенттік тыңдау өткізу көзделіп отырғаны айтылды.
Депутаттар Сырдария ауданына барған кезінде Еңбек даңқы мұражайында болды. Шиелі ауданына сапар барысында сенаторлар цемент зауытын, спорт-сауықтыру кешенін және құс фабрикасын аралады.
Сенаторлар облыс аудандарында мәслихат депутаттарымен, құқық қорғау органдарының басшыларымен және жұртшылықпен кездесті. Сенат төрағасының орынбасары Б.Бекназаров шараға қатысушыларды Сенаттың өткен жылғы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті. Ол конституциялық реформалар мен таяуда қабылданған жаңа Салық және Кеден кодекстеріне, қылмыстық және әкімшілік заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға баса назар аударды.
06 қаңтар 2018 ж. 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930