» » Құл-Мұхаммед: Астананың цифрлық технологияны енгізудегі тәжірибесі басқа қалаларға үлгі

Құл-Мұхаммед: Астананың цифрлық технологияны енгізудегі тәжірибесі басқа қалаларға үлгі

«Нұр Отан» партиясы елордамыздың 20 жылдық мерейтойын «Астана – даму мен инновацияның 20 жылы» атты форум өткізумен бастады.
Іс-шара Астананың қазіргі заманғы технологиялардың, сапалы білімнің, инвестиция мен жаңа креативті идеялардың орталығы ретінде бағындырған белестері мен жеткен жетістіктеріне арналды. Сондай-ақ, форумда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Елбасы Жолдауында көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру кезіндегі мегаполистің даму перспективасы кеңінен сөз болды.
Форум жұмысына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ақылды қала технологияларын енгізуге тікелей қатысқан IT компаниялардың, елордалық жоғарғы оқу орындарының, инновация орталықтарының, индустриялық-инновациялық компаниялардың, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед елорданың 20 жылда қол жеткізген жетістіктеріне назар аударды. Өз сөзінде ол Астана Тәуелсіз Қазақстанның мүлде жаңа дәуіріне жол ашқанын ерекше атап өтті.
«Елбасының ғажайып жобасымен дүниеге келген Астана бүгінде жаһандық саяси үдерістер мен бітімгершілік бастамалардың белді қатысушысы ретінде әлем картасынан ойып тұрып орын алды. Аз уақыттың ішінде Астана дүние жүзіне конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын бесігі ретінде танылды. Елордамыз бүкіл әлемді бейбітшілікке шақырған халықаралық форумдардың ұйытқысына да айналып үлгерді. Әлемге әйгілі инвесторлардың қызығушылығын оятқан бас қаламыз шын мәнінде халқымыздың ұлттық бренді болып қалыптасты. Зор табыспен өткізілген ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі Астананың инновациялық әлеуетін айқын көрсетіп берді», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
26 қаңтар 2018 ж. 899 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031