» » Ауданның дамуына үлес қосқан әйелдермен кездесті

Ауданның дамуына үлес қосқан әйелдермен кездесті

   Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев отбасы күні мерекесі қарсаңында көп балалы аналармен, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан әйелдермен кездесті.
Кездесу барысында Мұрат Нәлхожаұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы көрсеткіштерімен таныстыра отырып, жетістіктерімен, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ, осы жетістіктерге қол жеткізуге нәзікжандардың да өз үлесі бар екенін айтты.
– Қазіргі таңда кәсіпкерлік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылардың басым көпшілігін әйелдер құрап отырғандығы қуантады. Бұл өз кезегінде еңбекке қабілетті халықтың жұмысбастылық деңгейін және олардың өмір сүру сапасын арттыруға өз септігін тигізеді.Аудан бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларымен марапатталған 1124 және 4593 көпбалалы ана бар. Олар мемлекет тарапынан тиісті көлемде әлеуметтік көмектерін уақытылы алып келеді, – деген аудан басшысы.
Өз кезегінде кездесуге қатысушылар отбасылар күні мерекесі қабылдау өткізген аудан әкімі Мұрат Ергешбаевқа ризашылықтарын білдіріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Аудан басшысы қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген қыз-келіншектерге алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
10 қыркүйек 2020 ж. 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031