«БАВАРИЯ» БАБЫНДА
УЕФА Суперкубогының матчында «Бавария» «Севильяны» жеңді. Кездесу Будапешттегі (Венгрия) "Пушкаш Арена" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.
Бірінші таймның басында Давид Алаба өз айып алаңында Иван Ракитичке қатысты ережені бұзды. Төреші пенальти тағайындады, оны Лукас Окампос сәтті орындап, командасын алға шығарған. Дегенмен 34-минутта Леон Горетцка есепті теңестірді. Оң қапталдан асырған пасты Роберт Левандовски допты Горецканың аяғына салып берді, ол бұл мүмкіндікті голға айналдырды.
52-минутта Левандовски гол соққан еді. Бірақ төреші VAR-дың көмегімен офсайд болғанын анықтады. Сондай-ақ төреші Левандовски тәртіп бұзды деп Сане соққан голды да жоққа шығарды. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.