» » ФУТБОЛ: БІРІНШІЛІК БЕЛ ОРТАСЫНА ТАЯДЫ

ФУТБОЛ: БІРІНШІЛІК БЕЛ ОРТАСЫНА ТАЯДЫ

 
Футболдан Ел біріншілігі алғашқы айналымды аяқтауға жақын. Өткен жексенбіде жетінші тур ойындары өтіп, сенсациялық сәттерге куә болдық. Соның бірі Алматы орталық стадионында тіркелді. Қызылордалық «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында күтпеген жерден қостанайлық «Тобыл» клубынан басым түсті.
Матч Алматының Орталық стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Кездесуде бірінші болып "Қайсар" гол соқты. Ойынның 20-минутында «Қайсардың» шабуылшысы Артур Режиналдо қақпашының қателігін сәтті пайдаланып кетті. «Тобыл» екінші таймда басымдықты өз қолына ала бастады. 63-минутта Сергей Малый баспен гол соқты. 76-минутта «Қайсардың» капитаны Асхат Тағыберген тағы да алыстан дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.
Осы жеңістің арқасында «Қайсар» 13 ұпай жинап, «Қайраттан» екі ұпайға артта қалғанмен, екінші орынға көтерілді.
Биылғы біріншілікте ала-құла ойын көрсетіп жүрген "Астана" футбол клубы 7-турда тағы да ұпай жоғалтты. Елордалық ұжым "Тараз" командасымен тең ойнап қалды.
Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 1-1 есебімен аяқталды. Матч бастала салысымен "Астана" жылдам гол салды. Гол авторы – Тигран Барсегян. Ал 48-минутта Тони Сильва Постниковтың қателігін сәтті пайдаланып, есепті теңестірді.
"Астана" осы ойыннан кейін 11 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Ал маңызды бір ұпайды алған "Тараз" тоғызыншы орында қала бермек.
Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» Ақтаудың «Каспийін» жеңді. Кездесу Алматыдағы «Жас-Қыран» стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталып, алтыншы минуттағы жалғыз голды украиналық жартылай қорғаушы Максим Драченко соқты.
«Қызыл-Жар СК» үшін бұл нәтиже маусымдағы екінші жеңіс болды, ал «Каспий» алтыншы жеңілісіне ұшырады. Алты матчтан кейін жеті ұпаймен петропавлдықтар сегізінші орында, гол айырмашылығына байланысты "Жетісу" командасына жол берді, ал жеті ойында үш ұпай жинаған "Каспий" соңғы 11-орында тұр
Алматылық "Қайрат" Премьер-лиганың 7-турында Шымкенттік "Ордабасыны" еш қиындықсыз жеңді. Матч Талғардағы ұлттық құраманың базасында өтіп, 1-3 есебімен аяқталды.
Кездесу барысында алғашқы голды "Қайраттың" бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав 17-минутта соқты. Ал 22-минутта екінші голды салып, дубль жасады. Ең қызығы, Вагнер екі голды да баспен соқты. Ал 34-минутта Жоао Пауло есепті қысқарта алды. Бірақ 40-минутта Абат Айымбетов өз командасының үшінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды.
Осылайша, "Қайрат" 18 ұпаймен алғашқы орында қала береді. Ал "Ордабасы" 10 ұпаймен алтыншы орынға түсіп қалды.
Ерасыл ШӘРІБЕК
02 қыркүйек 2020 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031