ҚҰРАМАДА ҚАНДАСТАР КӨП
Қазақстан жастар құрамасы 8-ақпан күні Талғарда (Алматы облысы) оқу-жаттығу жиынын бастайды. Осы жиынға елімізде жаттығып жүрген ойыншылар қатысады. Ал 9 ақпанда Талғат Байсуфинов шәкірттері Түркияның Анталиясына аттанып, ойыншылардың негізгі тобына қосылады.
Жерорта теңізінің жағалауында ақпанның 20-сына дейін болатын жастар командасы жиын барысында екі жолдастық кездесу өткізеді. Ойындар 15 және 19 ақпан күндеріне жоспарланған. Қарсыластар алдағы уақытта белгілі болады. Бұл туралы Қазақстан футбол федарациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Назарларыңызға оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін ұсынамыз:
Қақпашылар: Игорь Трофимец («Ақтөбе»), Дмитрий Колбунцов («Жетісу»), Тимур Закиров («Қызыл-Жар СК»);
Қорғаушылар: Бекзат Шадманов («Тараз»), Дәурен Мажитов («Атырау»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Сұлтан Әбілғазы («Тобыл»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), Айбол Жақаев («Қайсар»), Қуаныш Қалмұратов («Атырау»), Рауан Орынбасар, Санжар Батырханов (екеуі – «Жетісу»), Елжас Сарбай («Байқоңыр»), Ескендір Қыбырай («Қайрат»);
Жартылай қорғаушылар: Демият Сләмбеков («Жетісу»), Самат Шәмші («Ордабасы»), Ринат Жұматов, Наурызбек Жагоров (екеуі– «Атырау»), Иван Антипов («Ақжайық»), Әділет Әбдінәби («Тараз»), Геворг Наджарян («Шахтер»);
Шабуылшылар: Ерасыл Сейітханов («Байқоңыр»), Самат Сәрсенов («Қайрат»), Максим Федин («Тобыл»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»);
Бапкерлер құрамы: аға жаттықтырушы – Талғат Байсуфинов, аға жаттықтырушының көмекшісі – Алмас Құлшынбаев, аға жаттықтырушының көмекшісі – Марат Еслямов, қақпашылар жаттықтырушысы – Николай Родионов, ғылыми-методикалық жұмыс бойынша жаттықтырушы – Павел Черепанов, дәрігер – Ахмадхон Искандаров, массажист – Евгений Карнаухов, сарапшы – Евгений Шевелев, сарапшы – Тимур Құсайынов, менеджер – Александр Брейткрейц.