АНТАЛИЯДАН АҚПАРАТ
Қызылордалық «Қайсар» жаңа маусымға дайындығын Антальяда пысықтауда. Кеше жерлестеріміз Румынияның ортаңқол командасы «Сепсимен» жолдастық кездесу өткізді. Нөсерлі жауынның астында өрбіген ойын қасқырлардың жеңісімен аяқталды. Есеп 2-1. Ойынның алғашқы кезеңінде румындықтар 11 метрлік айып добынан мүлт кетпей, алға шыққан. Артынша Франк Джа Дже Дже есепті теңестірді. Үзілістен кейін, Стойчо бапкер алаңға тыңнан ойыншылар қосты. Жолдастық кездесу болғандықтан сынақта жүрген футболшылардың да әлеуетін байқап көрді. Былтырғы құрамның басым бөлігі сақталғандықтан, футболшылар пас алмасу тұрғысында бір-бірлерін жақсы түсініп, қарсыласынан бір бәсі жоғары екенін байқатты. Екінші кезеңнің бел ауған шағында Матиас Курьрор қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Мұнан кейін қос клубта да гол соғатын мүмкіндік бола қойған жоқ..
Түркия жерінде жаттығып жүрген ойыншылар: қақпашылар – Александр Григоренко, Марсель Исламкұлов, Нұрым Салайдин; Қорғаушылар – Дмитрий Евстигнеев, Айбол Жақаев, Абдель Азиз Ламанж, Иван Граф, Александр Марочкин, Валентин Чуреев, Ілияс Әмірсейітов, Марк Гурман; жартылай қорғаушылар – Маттиас Курьор, Джон Банколе Камара, Валерий Коробкин, Думан Нәрзілдаев, Джа Дже Дже Франк, Максат Байжанов; шабуылшылар – Тоқтар Жаңғылышбай, Елжас Сарбай, Өркен Махан, Христиан Кировский, Йоанн Аркин.
Команданың ендігі қарсыласы Болгарияның «Дунав Русе» клубы.