» » Қысқы Олимпиада ойындарын Қазақстан телеарналары тікелей трансляциялайды — Абаев

Қысқы Олимпиада ойындарын Қазақстан телеарналары тікелей трансляциялайды — Абаев

Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарын Қазақстан телеарналары тікелей трансляциялайтын болады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі айтты.
«Біздің министрлік XXIII - қысқы Олимпиада ойындарының көрсетілімін жүзеге асыратын құқыққа ие компаниямен келіссөздерді аяқтады. Олимпиада ойындарын ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында ел тұрғындары отандық арналардың тікелей эфирінен тамашалайды. Дүниежүзі назар аударатын дүбірлі доданы «ХАБАР», «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары тікелей трансляциялау құқығына ие болды. Мәселен, «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары 150 тікелей трансляцияға шығуды жоспарлап отыр. Ал, «Хабар» арнасы арқылы 208 сағатты құрайтын 100 трансляция эфирге шығады. Сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде Олимпиада күнделігін көрермен назарына ұсыну жоспарланған. Демек, Пхёнчханға арнайы барған тілшілер тобы күнделікті соңғы ақпараттарымен бөліседі», - деп жазды министр Фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, министр Оңтүстік Кореяның алаңдарында ел намысын қорғайтын спортшыларға жеңіс тіледі.
07 ақпан 2018 ж. 991 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031