» » Еуро бәсекеге қатысатын құрамалар

Еуро бәсекеге қатысатын құрамалар

Биыл өтуі керек болған Еуропаның басты доп додасына қатысатын 24 ұлттық құраманың барлығы анықталды. Ерекшелікке толы бұл Еуропа чемпионаты кейінге қалдырылғаны белгілі болғанда, сол ерекшелікті әрмен қарай толықтыра түсті. Кейінге қалдырылу себебін барлық жанкүйер жақсы біледі.
Сол COVID-19. 12 мемлекеттің алпауыт дейтін 12 стадионында өтетін бәсеке түгелдей дерлік Еуропаны футбол тойына куә қылмақ. Иә, әттегенайы, Еуропада жер көлемінен екінші болсақ та, осы турнирге қатысатын 24 команданың қатарында жоқпыз. 2016 жылға дейін 16 команда бақ сынайтын. Демек, 24 ұлттық құраманың қатысуымен екінші мәрте өткізілейін деп отырған бұл байрақты бәсекедегі қызықтарды сіз бен біз келер жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында тамашалаймыз. Жеребесі тартылып қойған бұл жарыстың соңғы қатысушылары бірнеше күн бұрын ғана белгілі болды. Ол командаларға қазіргі күні бірі қолдап, бірі сынап жататын Ұлттар лигасының көмегі тиді. Ал, қорытындысында қандай топтарда, қандай командалар бақ сынайтыны төмендегідей.
А тобы
Бұл топтағы барлық команда әу баста белгі болып қойған.
Италия, Түркия, Уэльс, Швейцария. Бұл жерде италиялықтар топтың көшбасшысы, қалған командалардың әлеуеті шамалас.
В тобы
В тобы да алдыңғы топқа ұқсас. Қатысушы ұлттық құрамалар баста белгілі болған.
Дания, Финляндия, Бельгия, Ресей. Бельгия құрамасы фаворит. Ал Финляндия үшін топтағы екінші орынға таласу қиындау.
С тобы
Голландия, Украина, Австрия, Солтүстік Македония. Голландия жастарының басқалардан мысы басым. Украина мен Австрия екінші орын үшін негізгі бәсекелес болып саналады. Бірнеше күн бұрын жолдамаға иелік еткен Солтүстік Македонияны да назардан тыс қалдырмаған жөн.
Д тобы
Англия, Хорватия, Шотландия, Чехия. Футбол отанынан келген ағылшындар мен соңғы әлем чемпионатының финалистері хорваттар бұл топтың сөзсіз фавориттері. Қалған екі команда үшінші орынға таласатын болады. Себебі, жаңа жүйеде өткізіліп жатқан чемпионатта үшінші орынмен де бас жүлде алуға мүмкіндік бар.
Е тобы
Испания, Швеция, Польша, Словакия. Бұл топтағы жағдайда шамамен белгілі. Испанияның бәсі жоғары. Польша мен Швеция Словакиядан ұпай алуға тырысады. Осылайша ары қарай кімнің бәсекені жалғастыратынын анықтамақ.
F тобы
Германия, Франция, Португалия, Венгрия. Венгрлер үшін өте қиын болмақ. Қазіргі әлем чемпиондары мен Еуропа чемпиондары, одан қалды футбол державасына айналған немістері бар топ. Бұл топты өлім тобы деп айтуға болатын шығар.
21 қараша 2020 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031