» » Кореялық телеарна Денис Тен туралы фильм көрсетеді

Кореялық телеарна Денис Тен туралы фильм көрсетеді

қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы деректі фильм фрагменті пайда болды. Өзі туралы биографиялық фильмінің фрагментін танымал мәнерлеп сырғанаушы Instagram желісінде жариялады. Видео корей тілінде ағылшын субтитрімен берілген. Деректі фильмде спортшының жарақат алғаны, жетістікке жету жолында қандай қиындықтардан өткені баяндалады. Оның дәрігері Денистің ауырды деп ешқашан налымағанын айтады. Фильмнің толық нұсқасы сейсенбі күні Астана уақытымен 16:35-те оңтүстіккореялық KBS1 арнасында көрсетіледі. Ретрансляция ақпанның 11-інен 12-сіне қараған түні 21:40-та KBS2 телеарнасында болады деп күтілуде. Айта кетейік, Қазақстандық Денис Тен 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 және 2015 жылдары мәнерлеп сырғанау бойынша Әлем чемпионатының күміс медалін алған. 2015 жылы Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жетіп, VII қысқы Азиада ойындарының чемпионы атанды. 2017 жылы өткен Қысқы Универсиаданың жеңімпазы.    

06 ақпан 2018 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930