» » Гимнастшылар үздіктер қатарында

Гимнастшылар үздіктер қатарында

«Мұз айдыны» спорт кешенінің гимнастика залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен көркем гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен көркем гимнастикадан облыстық  ашық чемпионат өтті. Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған жарысқа Алматы қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 2001-2012 жылдары туылған300-дей гимнастшылар жекелей және топтық жаттығу бойынша шеберлік байқасты.
Жарыс нәтижесінде облысымыздың гимнастшы қыздары жақсы өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Жекелей сындажеңімпаз атанғандар: Айша Сұлтан (2011 ж.т.), Зере Әбдіқабыл (2010 ж.т.), Айна Ақпанбет (2010 ж.т.), Дана Садықова (2004 ж.т.), Аружан Құрмантай (2004 ж.т.) және Диана Қанатбек (2001 ж.т.).
2005-2006 жылдары туылған  қыздар арасында топтық жарыста Құралай Сапар, Салтанат Сейтмұхан, Ақбота Өтеген, Әсел Марат, Ақмейір Пазылбекқызы бірінші орынды иеленді.
Ал 2010 жылы туылғандар арасындағытоптық жарыста Зере Әбдіқабыл, Айна Ақпанбет, Кәусар Сейілбек, Ақерке Елеусінова және Айша Иса чемпионат жеңімпаздары атанды.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 013 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031