ОЛИМПИАДА: САЙЫСТАН ЕМЕС, СЫЙАҚЫ БЕРУДЕН АЛДАМЫЗ
Ұлыбританияның Consultancy компаниясы қысқы Олимпиада жүлдегерлеріне қай мемлекет қанша көлемде сыйақы беретініне зерттеу жүргізіп, нәтижесін жариялады.
Бұл тізімде Қазақстан көш басына жайғасқан. Байрақты бәсекеде чемпион атанғандарға еліміз 215 мың еуро сыйақы тағайындаса, күміс жүлдегерлерге 125 мың еуро, ал қола жүлдеге 62,5 мың еуро ұсынады. Әзірге ел атынан сынға түскен Юлия Галышева ғана қола медаль жеңіп алды. Бұл тізімде екінші орынға Италия тұрақтаған. Итальяндар чемпиондық атақты жеңіп алғандарға 150 мың еуро, екінші орынға 75 мың еуро, ал үздік үштікті түйіндеген спортшыларға 50 мың еуро сыйақы бермек. Италиядан кейін Латвия, Беларусь, Украина, Чехия, Ресей орналасқан. Ал медаль жиынтығы бойынша Норвегиямен бірінші орынға таласып келе жатқан Германия құрамасы тізімде 17-орында. Неміс халқы спортшыларына тиісінше 20 мың еуро, 15 мың еуро және 10 мың еуро бермек.