» » ҚОШ БОЛ, КОРЕЯ!

ҚОШ БОЛ, КОРЕЯ!

 Тура он жеті күнге созылған Пхенчхан Олимпиадасы өз мəресіне жетті. Биылғы Олимпия ойындары Сочи Олимпиадасынан да жоғары деңгейде өтті деуге толық негіз бар. Оған XXIIІ қысқы Олимпия ойындарының көрігін қыз­дыруға 92 елден 2925 спортшы келуі, Сочидегіден 7 спорт сайысы мен 15 медаль жиынтығының көптігі, ал жарыстар кезінде 20-дан аса Олимпиялық рекордтың тіркелеуіі толық дəлел бола алады. Бүгінде тарихтың қойнауына енген бұл Ақ Олимпиадада соңғы сəтке дейін қатысушы командалар топ жеңіс тұғырына таласты. Спортшылардың жекелей рекордынан бөлек, норвегиялық сайыпқырандар Пхенчхан Олимпиадасында медаль жиынтығы бойынша да рекорд орнатты. 14 алтын, 14 күміс және 11 қола жүлдеге қол жеткізген Викингтер елі жалпы саны 39 медаль иеленіп, Ванкувер Олимпиадасында жалпы саны 37 (9-15-13) медаль алған АҚШ-тың рекордын жаңартты. Пхенчхан Олимпиадасына қатысқан 2925 спортшының 91-і екі және одан да көп медаль жинады. Оның ішінде норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо мен франциялық биатлоншы Мартен Фуркад үш рет Олимпиада чемпионы атанды. Ал тағы бір норвегиялық шаңғышы Марит Бьерген осы Олимпия ойындарында ең көп медаль алған спортшы атанды. Бьергеннің өзі Норвегия құрамасына екі алтын, бір күміс және екі қола жүлде салды. Биылғы Олимпиадада 30 елдің спортшысы жүлдегер атанды. Бұл Сочи Олимпиадасымен салыстырғанда төрт елге көп. Сондай-ақ Пхенчхан Олимпиадасында 22 елдің спортшысы алтын медаль жеңіп алды. Сөйтіп Сочи Олимпиадасының рекордын қайталады. Ал медаль жиынтығы бойынша жалпыкомандалық есепте Норвегия құрамасы топ бастады. Осынау ұлы көште Қазақстан спортшылары жалғыз қола медальмен 28-орыннан көрінді.
01 наурыз 2018 ж. 903 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031