» » Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ қола жүлдегері атанды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ қола жүлдегері атанды

 Допты хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ресейдің Ульяновск қаласында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 17 жасқа дейінгілер арасындағы дүниежүзілік додада қазақстандықтар жартылай финалда әлемдегі мықтылардың бірі - Швеция құрамасына 0:6 есебімен есе жіберді.
Қола жүлде үшін бәсекеде бүгін Данияр Молдашев жаттықтыратын қазақстандықтар Финляндия құрамасымен айдынға шықты. Бұл ойында қазақстандықтар финдерді бет қаратпай, 5:1 есебімен ұтты. Әсіресе, Дәурен Оралов төрт бірдей голдың авторы атанып, айрықша көзге түсті. Тағы бір допты Ершат Амангелдиев соқса, бұған финдерден Кевин Ларссон жалғыз голмен жауап қайырды.
Алтын жүлде үшін финалда Ресей мен Швеция құрамалары таласады.
Айта кетейік, Қазақстан командасы «Ақжайықтың» жасөспірім ойыншыларынан құралды. Бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1998 жылы Оралда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді. Осы үздік жетістік жиырма жылдан кейін қайталанып отыр.
25 наурыз 2018 ж. 831 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930