ҚАЗАҚ МАҚТАНЫШЫ ҚАЙТА ОРАЛДЫ
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.
«Мінсіз физикалық формаға шамамен 40% жақынмын. Өйткені ауыр атлетикамен он күн бұрын ғана айналыса бастадым. Бірақ бұған дейін жүгіріп, суға шомылып, футбол ойнап жалпы спорттық дайындықты назардан тыс қалдырмадым. 32 жасқа дейін ауыр атлетикамен айналысқым келгендігі туралы бұрынан жоспарым болған», – деді Илья Ильин Kazakh TV Youtube-арнасына берген сұхбатында.
Спортшы Токия Олимпиадасында топ жару баяғыдан бергі арманы екендігін айтты.
«Әрине, мен төрт дүркін Олимпиада чемпионы болуды армандаймын. Біріншіден, мен қазір он жыл бұрын жоспарлаған жоспармен жүріп келемін. Екіншіден, мен бұл спортты жақсы көремін. Өз ісімді сапалы әрі әдемі көрсете аламын.Оның үстіне мен әлі жаспын. 29 жас – бұл спортшының «шыңы». Себебі менде ақылмен саралау, шеберлік пен тәжірибе, жалпы дайындық жеткілікті», – деді спортшы өзінің сұқбатында.