ҚАМШЫБЕКПЕН КЕЗДЕСУ ӨТПЕК
Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы аясында Бокстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қоңқабаев Қамшыбекпен жастардың кездесуі ұйымдастырылмақ. Айта кету керек жерлесіміз Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Қамшыбек күміс жүлдеге ие болды. Сыр толағайы ақырғы айқаста әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовпен жұдырықтасып, 4-1 есбебімен есе жіберді. Ол Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады. Бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндиев. Әлімдік додада күміс жүлдеге ие болған жерлесімізбен кездесу жастар ерекше дайындық үстінде.