Ильяның ынтасы зор - Министр Ильиннің спортқа оралуы туралы
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ауыр атлет Илья Ильиннің спортқа оралуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әрине, өте күрделі мәселе. Илья Ильиннің спортқа оралғанына қуаныштымыз. Қазір біз шеттетілген спортшылардың Токио Олимпиадасына қатысуы үшін қажетті құқықтық мәселелермен айналысып жатырмыз. Ильяның ынта-ықыласы зор», - деп жауап берді министр журналистер сұрағына.
Еске сала кетсек, Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылып, 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық спортшыны 2018 жылдың 19 қазанына дейін спорттан шеттетті.
2018 жылдың қаңтар айында (IWF) қазақстандық спортшы Илья Ильинді спорттан шеттету мерзімін өзгертті.
Маусым айында Илья Ильин екі жылдан кейін үлкен спортқа қайта оралды.