» » Абрамовичтің 10 жыл ішіндегі ең сәтсіз және сәтті 5 трансфері

Абрамовичтің 10 жыл ішіндегі ең сәтсіз және сәтті 5 трансфері


Осы айда Роман Абрамович Англияның «Челси» клубын сатып алғанына тура 15 жыл толды. 15 жыл ішінде ресейлік миллиардер клубты Еуропаның жетекші клубтарының қатарына қоса алды. Назарларыңызға Абрамовичтің «Челси» клубына сатып алған ең сәтті және сәтсіз 5 трансферін ұсынамыз.
5 Сәтсіз трансфер
1) Фернандо Торрес («Ливерпуль», 50 млн фунт стерлинг)
Испаниялық футболшының трансфері «Челсиға» айтарлықтай пайда келтірмеді. Естуімізше, Абрамович Торресті қызына ұнағаны үшін 50 миллион фунтқа сатып алған. Бұл «Челсидің» рекорд трансфері болатын. Бірақ қазір Торрес енді өз бабына қайта келуде. Лондон клубына үйренуі үшін қөп уақыт кеткені анық. Соған қарамай Фернандо «Челсидің» соңғы екі жыл ішінде Еурокубоктардағы қаһарманына айналды десек артық айтқандық емес. Естеріңізде болса «Челси», Чемпиондар лигасын және Еуропа лигасын жеңіп алған болатын.
2) Андрей Шевченко («Милан», 32 млн фунт).
Ал Андрей Абрамовичтің сүйікті футболшысы болатын. Украиналық шабуылшыны Жозе Моуриньоның қарсылығына қарамайРоман мырза «Челсиға» алып келген. Нәтижесінде португалиялық жаттықтырушы Андрейді жәй ғана қосалқы құрамға отырғызып қойды. Бірақ Шева клубқа ауысқан кезде карерасында бәсеңсу болғанын ұмытпау керек шығар.
3) Адриану Муту (Парма», 15,8 млн фунт).
Бұл футболшы есірткі пайдаланғаны үшін дисквалификация еткен. Әзірге дейін екі жақ соттасып жатыр. Роман Абрамович норкоман футболшыны әтейі жазалау мақсатында одан үлкен сомада ақша талап етіп келеді. Негізінде Муту жаман футболшы болмаған.
4) Холди Булахруз («Гамбург», 9 млн фунт).
Голландиялық қорғаушыны соншалықты қымбатқа сатып алмаған. Дегенменде ол «Челси» дәрежесіне сай келмеген және сай өнер көрсете алмады. Жығылғанға жұдырық дегендей, дәл сол жылы Евро-2008 де Булахруздар отбасында жаңа туған сәби өмірден озған еді. Бұл оқиға футболшының карерасына кері әсерін тигізбей қоймады.
5) Матея Кежман (ПСВ», 5 миллион)
Кежманның трансферіне де онша көп ақша жұмсамаған. Бірақ футболшының дәрежесін анықтауда үлке қателікке жол берген. Кежман «Челсиға» ауысқан соң өз формасын жоғалтып алғаны соншалық оның тіпті Голландия чемпионатында бомбардир болғанын бүкіл ел есінен шығарып жіберді. Лондоннан кеткен соң оның карерасында бәсеңсу пайда болды.
5 Сәтті трансфер
1) Дидие Дрогба («Марсел», 24 млн фунт)
Дрогба арқылы «Челси» шабуыл сызығында көп жылдық жетекшіге айналды. Ол клубтан Абрамовичтің арманы орындалған соң кеткен еді. Яғни лондондықтар 2012 жылы Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен. Дрогба «Челсидің» жаңа тарихындағы «Рәміздерінің» бірі болып саналады. Дәл Терри, Лемпард, және Абрамовичтің басқа сәтті трансферлері сияқты.
2) Петр Чех («Рен», 9 млн фунт)
Арзымайтын 9 миллион  фунтқа (әрине Абрамович үшін) қазіргі таңдағы ең үздік қақпашылардың бірін сатып алған. Чех, тәжірибесі асқан сайын идеал позиция таңдауды мақұл көрді. Қазірдің өзінде Петр уақыт өткен сайын голландиялық Эдвин ван дер Сарға ұқсап бара жатыр. Еске сала кетейік, ван дер Сар футболдан зеріккенге дейін қақпада тұрған болатын.
3) Эшли Коул («Арсенал», тегін)
Эшли Коул жетістікке жету үшін «Арсеналдан» кету керектігін уақытында түсінген сыңайлы. Коул Моуриньо басшылығында «Арстократтар» сапында ауысқан болатын. Эшли кеткен соң «Арсенал» бір рет болсын ешқандай кубокты жеңе алмай келе жатыр. «Челси» болса мүмкіндігі барынша кубоктарды жеңіп алды.
4) Клод Макалеле («Реал», 16 млн фунт)
«Реал» клубына қажет болмаған футболшы «Челси» клубында жаңа өмірн бастаған. Макалеле Моуриньо қол астында әлемнің ең үздік жартылай қорғаушыларының біріне айналды. Бір сөзбен айтқанда, «Челси» жаттықтырушылары франциялық футболшының мүмкіндіктерін баршаға қалай пайдалану керектігін көрсете білді.
5) Бранислав Иванович («Локомотив», 9 млн фун)
«Челсида» тұрақтап қалған шығыс еуропалық аз футболшылардың бірі. Анығы алғашында Иванович клубқа үйренісе алмады. Бірақ, бірте-бірте ол оң қанат және орталық қорғаушылықта өзін көрсете білді. Оның жан-жақтығылына және шабуылдарға қосып тұруы көпшіліктің оң пікірін туғызды. Қазіргі уақытта «Челсиді» Ивановичсіз елестету мүмкін емес, тіпті қиын болып қалды.

12 шілде 2018 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031